Факультеттер

Дана Стивенс, Phd

Академиялық сұрақтар
бойынша вице-президент


ҚМЭБИ-дегі оқудың басқа жоғары оқу орындарындағы білім беруден қандай айырмашылығы бар? Бәлкім, сізге біздің академиялық бағдарламаларымыздың ТМД елдеріндегі басқа да көпшілік университеттерінің ұсынған бағдарламаларынан елеулі айырмашылығы бар екендігі әлдеқашаннан бері белгілі шығар.

Бұдан басқа, біз жоғары білікті оқытушыларға, тамаша материалдық-техникалық базаға және толыққанды оқу ортасына ие болдық деп айта аламыз. Біздің бағдарламаларымыз сіздердің оқу және мансаптық мақсаттарыңызға біршама сәйкес келетіндей, яғни сол оқу бағдарламаларын өту барысында өздеріңіздің таңдау еркіндігіне ие болатыныңыздай етіп құрастырылған.

ҚМЭБИ-дің дәреже тағайындаумен барлық бағдарламалары солтүстік американдық кредиттік оқу жүйесімен сәйкес құрастырылған. Сіз ҚМЭБИ-де оқыған әр пәніңіз үшін сабаққа қанша уақыт бөлінетіне байланысты белгілі бір мөлшердегі кредиттер белгіленеді.

Кредиттік жүйе өзіңіз үшін аса оңтайлы қарқында оқуға мүмкіндік береді:мәселен, бағдарламаны тезірек аяқтау үшін жазғы семестрде оқуға болады. Егер сіз мансапқа қатысты өз жоспарыңызды өзгертуді ұйғарсаңыз, онда басқа мамандану бойынша ҚМЭБИ-де оқуыңызды жалғастыру үшін бұрын жинаған кредиттеріңізді пайдалануыңызға болады.

ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламасында 48 кредит негізгі мамандануға тікелей қатысы жоқ салалардағы пәндерге бөлінеді. Бұл жалпы білімдік пәндер бағдарламаға сізді интеллектуалдық және мәдени өмірге қатысты әр түрлі тұрғылармен таныстыру үшін, тәуелсіз және сындарлы ойлау қабілеттіліктеріңізді арттыруға көмектесу үшін, сонымен қатар қазіргі заман жағдайында өмір сүріп отырған проблемаларды шешуге үйрету үшін кіргізілген.
Бұдан басқа академиялық кеңес беру жүйесі арқылы ҚМЭБИ жеке оқу бағдарламасын жоспарлауда студенттерге өзінің көмегі мен қолдауын ұсынады.

Сіз институт аумағына алғаш қадам басқан сәттен бастап диплом тапсырған сәтке дейін ҚМЭБИ профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен әкімшілігі сіздің  осы оқу орнында оқуда табысқа жетуіңізге әрқашан қол ұшын беруге даяр. Сізді күн сайын «Қоғамды өзгертуші білім» деген ұранымызды ұстанған белсенді оқытушылар мен студенттерден құралған өз қоғамдастығымызға қосылуға шақырамыз.