ҚМЭБИ «Титан» командасы Американдық Орталық Азия Университетінің «Барыстар» командасын жеңіп шықты
28 қазан 2009
Үш жыл қатарымен американдық футболдан ҚМЭБИ «Титан» командасы Американдық Орталық Азия Университетінің «Барыстар» командасын жеңіп шықты. Осы жылдың ойнында біздің көк киімдегі жігіттеріміз Орталық Азияда ешкімнің оларға тең еместігін тағыда бір рет дәлелдей отырып, «Титандар» 33:12 есебімен жеңіп шықты.
«Титандар» бастапқыда допты алу екі мүмкіндігін пайдаланып, ойынның басында ынтаны қолдарына алды. Кездесудің бірінші жартысының қалған бөлігінде ҚМЭБИ бақылауында өтті. Шабуыл жасау аймағында допты қағып әкеткенде, ҚМЭБИ қақпаға допты енгізіп, өз ұпайларын 20:0 есебіне теңестірді.
Ойынның екінші жартысында бәрі өзгерді. «Барыстар» тез арада екі рет допты енгізіп және есепті теңестірмек болды, бірақ төртінші шабуылда пас беру кезінде допты иемдене алмай қалды.
«Титандар» бапкері Мэтт Конвейдің айтуы бойынша, ойынның қайталау кезеңі екінші шабуылда орын алды. «Біздің негізгі шабуылшы ойыншымыз Арман Уталеев біраз қарсыластарына тигіздірмей қырымен тамаша допты лақтырды, - деп бөлісті Конвей, - өкінішке орай Аман топ арасынан өтіп бара жатқанда қорғаушы оны ұстап алып, алаңның сыртына шығарып жіберді, соның салдары біздің жігіттің бұғанасының сынуына алып келді».
Аманның батыл тырысқаны бос қалмады. КМЭБИ доп енгізіп, өзінің қарсыластарына жеңістікті қол жетерліксіз етті.
«Бақытқа орай, Аманмен бәрі жақсы болады, жуыр арада ол ауруханадан шығады», - деп атап өтті Конвей.
Қазір Конвей шамамен қараша айының аяғында болатын АУЦАмен тағы бір ойынды ұйымдастырумен жұмыс істеп жатыр.