Табыстар Тарихы
Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1992 жылы 14 қаңтарда ресми түрде құрылды.
Республикамызда нарықтық экономиканы дамыту үшін білікті жұмыс күшінің қажеттігін жете түсінген Президент Назарбаев АҚШ ғалымы, доктор Чан Йан Бэнгке Алматыда жаңа оқу орынын ашуды ұсынды. Шетелдік және қазақстандық оқытушылардан профессор-оқытушылар құрамын қабылдау және оқу орнында Солтүстік Америка мен Еуропаның білім ұйымдарының жоғары стандарттарына сәйкес оқыту жоспарланды.
ҚМЭБИ негізгі миссиясы – білім арқылы ұлтымыздың өркендеуіне жәрдемдесу және қазақстандықтарда үкімет пен бизнестің жетекші позицияларындағы жұмыс барысына қажет болатын көшбасшылық дағдыларды дамыту.
ҚМЭБИ өзінің құрылған сәтінен бастап жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қоғам өміріне белсенді қатысатын жастардың құзыреттілік деңгейлерін арттыра отырып, еліміз бен оның тұрғын халқының дамуына орасан зор үлесін қосты.
НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕР
1992
- ҚМЭБИ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылып, д-р Бэнг алғашқы Атқарушы Директоры болып тағайындалды.
- Іскер Әкімшілдік Магистратурасы (MBA) және Экономика саласындағы Магистратура (МA) Бағдарламалары ашылды.
1993
- Мемлекеттік Басқару саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды
1994
- ҚМЭБИ алғашқы түлектері– MBA және MA Бағдарламаларының 81 студенті
1998
- Монреалдан МакГилл Университетінің көмегімен Халықаралық Басқару Кадрларының Орталығы құрылды.
1999
- ҚМЭБИ-де Іскер Әкімшілдік және Әлеуметтік Ғылымдар саласындағы бакалавариаттың төрт жылдық бағдарламалары ашылды. Аталмыш бағдарламаларда алғаш рет 424 студент сабақтарын бастады.
2000
- ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ҚМЭБИ-ге жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында білімдік жұмыстарды жүргізуге тұрақты лицензия берді.
- ҚМЭБИ-де экономика саласы бойынша бакалавриат бағдарламасы ашылды.
2001
- ҚМЭБИ барлық өзінің академиялық бағдарламаларына АҚШ үлгісі бойынша кредиттік жүйені енгізген Орталық Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орыны болды.
- Он-лайн режимінде тіркеу жүйесі енгізілді.
2002
- Оқу Корпусын жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі заманғы үлгідегі Институт Қалашығы жасалды.
- Академиялық бағдарламаларын ҚР Білім және Ғылым Министрлігі аттестаттаудан өткізді.
- Алдыңғы қатарлы Американдық, Еуропалық және Корей Университеттерімен ынтымақтастық және алмасу бағдарламалары ашылды.
- ҚМЭБИ-де Халықаралық Қатынастар саласындағы Магистратура, Халықаралық Журналистика және БАҚ саласындағы Магистратура Бағдарламалары ашылды.
2003
- Халықаралық Журналистика саласындағы Бакалавриат Бағдарламасы ашылды.
- Академиялық кафедралар үш факультет болып құрылды: Бэнг атындағы Бизнес Факультеті, Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті және Үздіксіз Білім Беру Факультеті
2004
- ҚМЭБИ «Ағарту» категориясы бойынша «Платиналық Тарлан» сыйлығын алды. ҚМЭБИ Қазақстанда тағайындалған аса жоғары тәуелсіз сыйлықты алған жалғыз жоғары оқу орыны болып табылады.
- Бэнг атындағы Бизнес Факультеті AACSB Халықаралық Қауымдастық мүшесі болды.
- Сан-Франциско Университетімен бірлесіп Экономика саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды.
2006
- Іскер Әкімшілдік Докторантурасы Бағдарламасы ашылды.
- Институтқа құны 3 миллион АҚШ долларына түскен Жаңа Ғылыми-Зерттеу Кітапханасының құрылысы аяқталды.
2007
- ҚМЭБИ Басқа Тілдер Тасымалдаушыларына Ағылшын Тілін Оқыту Магистратурасы Бағдарламасын ашты.
2008
- ҚМЭБИ құны 10 миллион АҚШ доллары тұратын Жаңа Оқу Корпусын ашты.
- Президент Назарбаев Институтқа келіп, жаңа оқу корпусы мен кітапхананы көрді, студенттермен, оқытушылармен және әкімшілікпен кездесті.
- ҚМЭБИ тағы жұмысқа докторлық дәрежесі бар 29 жаңа оқытушыны қабылдады.
- Құқық Мектебі бакалавриат студенттеріне құқықтану бойынша қосымша мамандандыруларды ұсынады.
