ҚМЭБИ Туралы Қысқаша Ақпарат
ИНСТИТУТ ТАРИХЫ
• ҚМЭБИ Орталық Азиядағы солтүстік американдық үлгі бойынша жұмыс істейтін ірі университет болып табылады.
• ҚМЭБИ 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Сол жылдың тамызында сабақ басталды.
1994 жылы маусымда Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды.
• ҚМЭБИ – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі.
• ҚМЭБИ Қазақстанда, Орталық Азияның қаржылық астанасы - Алматының орталығында, қазіргі заманғы үлгідегі студенттер қалашығында орналасқан. ҚМЭБИ-дің материалдық-техникалық базасы – аталмыш аймақтағы университеттердің арасындағы бірден-бір таңдаулы оқу базасы болып табылады.
БІЛІМДІК ҚЫЗМЕТ
• ҚМЭБИ білімдік бағдарламаларды беруге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына ие болған. Өзінің соңғы келген сапарында, яғни 2008 жылдың 14-16 сәуірінде Министрліктің аттестаттау комиссиясы ҚМЭБИ-дің барлық бағдарламаларын бес жыл мерзімге аттестаттаудан өткізді.
• ҚМЭБИ Жаңа Англияның колледждер мен мектептер қауымдастығы жоғары оқу орындарының Комиссиясынан (АШКНА) аккредитация алуға жұмысын жалғастыруда.
• Бүгінгі таңда ҚМЭБИ он бес бағдарлама ұсынып отыр. Оған кіретіндер: іскер әкімшілдік, экономика, саясаттану, мемлекеттік басқару және журналистика салаларындағы бакалавриат бағдарламалары; іскер әкімшілдік, экономика, құқық және ағылшын тілін оқыту салаларындағы магистратура бағдарламалары; сонымен қатар іскер әкімшілдік саласындағы докторлық бағдарлама. Бұдан басқа, ҚМЭБИ басшыларға арналған МВА бағдарламасын және сертификатталған бағдарламалар мен қысқа мерзімді курстардың кең ауқымын ұсынады.
• Барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде оқытылады.
• ҚМЭБИ-дің оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған. ҚМЭБИ ТМД елдерінің арасында батыстық жоғары оқу орындарында алған Ph.D дәрежелі оқытушылардың басым санына ие болған.
СТАТИСТИКА
• ҚМЭБИ студенттеріне шәкіртақыларды, оқу ақысын төлеуден босату, сонымен қатар «Work-Study» бағдарламасы бойынша жеңілдіктерді қоса алғандағы қаржылық көмектің бірнеше түрі қолжетерлік. 2008-2009 жылы ҚМЭБИ-дің барлық студенттерінің 24% қандай-да бір қаржылық көмек түрін алған. ҚМЭБИ 2,3 миллионнан аса американдық доллар мөлшеріндегі жыл сайынғы шәкіртақылық қорды басқарады және де Қазақстандағы жеке меншік жоғары білім берудегі аса ірі демеушілердің бірі болып табылады.
• ҚМЭБИ бітірушілерінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының барлық бітірушілерінің арасында жұмысқа орналасудың ең жоғарғы пайызы. 2007 жылы бітірушілердің 95% бітіргеннен кейін үш айдың ішінде жұмысқа орналасты (не болмаса оқуларын жалғастырды). Орташа алғанда, ҚМЭБИ бітірушілерінің еңбек ақысы еліміз бойынша орташа еңбек ақыдан екі-үш есе көп.
• 2008 жылы ҚМЭБИ бітірушілерін жұмысқа орналастырған бестік компанияға кіретіндер: PriceWaterhouseCoopers, Ernst&Young, KPMG, Deloitte и Procter&Gamble.
• Бүгінгі таңда барлық бағдарламаларға жыл сайынғы студенттерді қабылдау 4 500 адамнан асады. Оқуға қабылданған студенттердің шамамен 85% бакалавриат бағдарламаларында және 15% - магистратура мен докторантура бағдарламаларында оқиды.
• ҚМЭБИ студенттер контингентін әр түрлі 25 елдің, атап айтсақ, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Корея елдерінің өкілдері құрайды.
• ҚМЭБИ-дің халықаралық оқытушылар құрамы дүние жүзінің 20 дан аса елдерінің (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Франция, Италия, Ресей және Қазақстан) өкілдерінен тұрады.
