ҚМЭБИ туралы
ҚМЭБИ ақшалай табысты көздемейтін, жоғары білім беретін институт. ҚМЭБИ-дің мақсаты іскерлік әкімшілік пен әлеуметтік ғылым саласындағы білімді тереңдетіп оқыту және қауымдық қызмет арқылы азаматтардың білімін дамыту мен Қазақстан және Орталық Азия өмірінің сапасын жақсарту болып табылады. Сонымен қатар, ҚМЭБИ, оқуға шетел студенттерін қабылдап және мықты халықаралық байланыстарды орната отырып халықаралық қоғамға қызмет етуге тырысады.
Өз мақсатын орындау шеңберінде ҚМЭБИ бизнес, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік басқару, саяси ғылым, халықаралық қатынастар, журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жоғарғы халықаралық білім стандартына сәйкес оқу бағдарламаларын үздік студенттерге ұсынады, олар бітіргеннен кейін шетел университтетерін бітірген түлектермен іспеттес болады. ҚМЭБИ қаржы жағдайына, жынысына, этникалық топқа жату және басқада факторларына қарамастан студенттерді көсбасшы қасиеттерге, дарынға және тілдік қабілетке ие жасөспірімдердің арасынан таңдауға ұмтылады.
