КИМЭП Университетi | НАТО-ның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қызметі –саммит пен ISAF-тан кейінгі НАТО

НАТО-ның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қызметі –саммит пен ISAF-тан кейінгі НАТО

9 қазан, бейсенбі күні КИМЭП Университінде НАТО штаб-пәтерінің және НАТО-Орталық Азияның үш делегаты кездесуге қатысып, НАТО-ның Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа елдерімен ынтымақтастығы тақырыбына тұсаукесер өткізді.

Тұсаукесер барлық қызығушылық танытқандар үшін ашық болғанымен, алдында өткен кездесуге КИМЭП-тің кейбір өкілдері ғана келді.

Университет үшін кездесудің мақсаты – НАТО мен КИМЭП арасындағы қарым-қатынасты нығайту, НАТО-ны біздің университетте аса көрнекті қылып, қаржылық қолдауды алу. НАТО өз тарапынан кітапхананы ақпараттық материалдармен жабдықтауға және «НАТО бұрыштарын» құруға (университет аймағында орналастыру арқылы немесе виртуалды түрде) қызығушылық білдірген. Бұған қоса НАТО пікірлестер желісін құру үшін тұғырнаманы қамтамасыз еткісі келді. Аталмыш мақсаттарға қалай қол жеткізуге қатысты шешім қабылданбады, алайда кездесу КИМЭП пен НАТО арасындағы берік қатынастарды құрудағы алғашқы қадам ретінде болды.

Алғашқы үш қысқа да мазмұнды тұсаукесер аясында байланыс және әрекеттестік жөніндегі НАТО офицері, сонымен қатар Орталық Азиядағы өкілеттіктің басшысы Александр Винников Орталық Азиядағы НАТО-ның серіктестеріне шолу жасады. Ол серіктестік әрдайым, мысалы, есірткі сияқты ортақ мақсатқа немесе ортақ қатерге негізделген деп түсіндірді және  НАТО-ның негізгі қолдау салаларын анықтап берді, олар – саяси диалог немесе білім беру.

Бұған қоса Винников мырза ISAF жобасының аяқталғаны туралы, сонымен қатар Ауғаныстандағы НАТО-ның алдағы қысқамерзімді және ұзақмерзімді  жоспарлары, атап айтқанда тату көршілік қатынас құру және Ауғаныстанның ел ретінде тұрақтануы туралы айтып берді. 

НАТО штаб-пәтер серіктестік бағдарламасының басшысы Деспина Афентоли ханым НАТО-ның маңызды қызметтері (ұжымдық қорғаныс, ұжымдық қауіпсіздік және дағдарысқа қарсы басқару) туралы айтып берді. Бұған қоса ол НАТО-ға мүшелік тұрақтылық және ілгерілікті, сонымен қатар қатер жағдайларында НАТО-ның басқа мүшелерінің жедел көмегін білдіретіндігі себебінен көптеген елдер НАТО-ға енгісі келетінін түсіндірді.

Қазақстандағы НАТО өкілі, сонымен қатар НАТО штаб-пәтерінің саяси мәселелер және саяси қауіпсіздік бөлімінің басшысы Таня Хартман ханым елдегі толық жағдайды түсіну үшін Қазақстандағы НАТО немен айналасатындығы, НАТО-ның елдердің өкілдерімен диалогы, сонымен қатар НАТО мен қазақстандықтар арасындағы диалог туралы айтты.

Үш спикер тұсаукесерлерін үлкен құлшыныспен ұсынды, өздерінің қызмет түріндегі ауқымды тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ тұсаукесер аяқталғаннан кейін тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

nato