Өткен демалыс күндері әлеуметтік ғылымдар факультеті студенттерді тарту мен оларды ұстап қалу үшін ӘҒФ комитеті ұйымдастырған студенттерге арналған тим-билдингті өткізді.

Шараның мақсаты бірінші курс студенттері, жоғары курс студенттері және оқытушылар арасында аса тығыз қызметтестікті жақсарту болды. Біріккен күштермен олар ұжымға берілу сезімін дамытты, ортақ мақсаттардың бар екендігін анықтады, позитивті командалық  мәдениетті орнатты және ӘҒФ мен жалпы КИМЭП-тің академиялық бағдарламаларына өз қызығушылықтарын арттырды. Бірінші курс студенттері, жоғары курс студенттері, шетел студенттері және студенттік алмасу бағдарламаларының қатысушылары төрт топқа бөлініп, одан кейін қызметтестік пен үйлестіктің жоғары деңгейін қажет ететін түрлі қызықты тапсырмаларды орындауға қатысты. Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер барлық қатысушылардың дарындары мен шығармашылық қабілеттерін айқын көрсеткен достық және ресми емес қарым-қатынасты қалыптастырды.

Мемлекеттік басқару бакалавриатының үшінші курс студенті Айжан:

«Тим-билдинг таңғажайып өтті. Бірінші курс студенттері мен команданың барлық қатысушыларының көңіл-күйлері тамаша болды; бәрі өте қызық болды. Бұл студенттердің бір-бірімен танысуына және бұдан да жылы шырайлы болуларына көмектесті. Аталмыш шараның тағы бір артықшылығы – студенттердің оқытушыларымен жақынырақ танысуы және олардың қасында өздерін еркін сезінуді үйренуі болды. Бұл командалық рухты көтеріп, бізді жақындастырды. Осындай қызықты шара үшін үлкен рахмет….. Бірінші курс студенттеріне арналған осындай тим-билдингтер жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді».