Жезқазған: алдыңғы жылмен салыстырғанда талапкерлер саны 61 % ұлғайды

Қабылдау емтиханы Сауалнама саны

Емтиханға қатысушылар саны Алтын белгіге үміткерлер саны
2010 28 27 8
2011 25 23 4
2012 41 39 10

2012 жылғы 17-19 ақпан аралығында 2012-2013 академиялық жылға бакалавриат пен магистратура бағдарламалары үшін Ашық есік күнін және қабылдау емтихандарын өткізу мақсатымен Жезқазған қаласына сапармен барғанымызды хабарлаймыз.

Профориентациялық жұмыспен қатар Ашық есік күні сәтті өткізілді, оған 45 адам қатысты, ал оның ішінде 41 талапкер КИМЭП-ке түсуге өтініш берді. Өтініш бергендердің 10 талапкері Алтын Белгіні алуға үміткер болып табылатындығын хабарлаймыз. Оқуға түсүге өтініш берген талапкерлердің көп бөлігі дарынды ұлдарға арналған Қазақ-Түрік лицейлерінің, № 8 гимназияның және №26 гимназияның оқушылары болып табылады.

Жезқазған қаласындағы профориентациялық шараларды және қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мен сәтті өткізуге көмектескен Жалпы білім беру департаментінің профессоры Федерико Далпанеге және Тілдер орталығының оқытушысы Кэтрин Кэриге үлкен алғысымызды білдіреміз.