КИМЭП студенттері Қазақстанның интеллектуалды чемпиондары болды

«БрейнАрт» КИМЭП командасы «Не? Қайда? Қашан?» екінші Қазақстандық интеллектуалды чемпионатын ұтты. Шараны Астанада «Байтерек интеллектуалды клубы» «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырды және ол 2012 жылғы 18-19 ақпан аралығында екі күнге созылды.