Тіл және сауаттылық: үйрену мен үйретудегі тың ойлар мен терең түсініктер
Құрметті ҚМЭБИ жұртшылығы!
Сiздерді «Тіл және сауаттылық: үйрену мен үйретудегі тың ойлар мен терең түсініктер» атты конференцияға шақырамыз. Конференцияны Қазақстан Оқу Ассоциациясы мен ҚМЭБИ Тілдер Орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бас баяндамашы – Халықаралық ОқуАссоциациясының президенті д-р Риско В.Дж. (АҚШ). Конференция ҚМЭБИ-дің 20 жылдық мерейтойына арналады.
Бірлескен конференцияның мақсаты – Оқу дағдыларын дамыту және тіл үйрету саласындағы хас шеберлердің бастарын қосу. Олар өз тәжірибелерімен осындай халықаралық деңгейдегі конференцияда бөлісе алуы керек.
Конференция семинарлар мен ғылыми баяндамалар түрінде ұйымдастырылады. Конференцияда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан және АҚШ-тан қатысушылар болады. Конференцияның жұмыс тілдері – ағылшын, қазақ және орыс тілі.
Күні: 17 Ақпан 2012 ж.
Уақыты: 9.00 - 17.30.
Өтетін орны: ҚМЭБИ, Жаңа ғимарат
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары: 270-43-71 # 2653 және
gulnarz@kimep.kz электрондық поштасы арқылы Гүлнар Зағитоваға хабарласыңыздар.

