Ғылыми Кеңес

Өкілеттіктер

ҚМЭБИ Ғылыми Кеңесін құру ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесінің ұсынысы бойынша (2009) Акционерлердің Жалпы жиналысында (2009) мақұлданды. Кеңес өзінің міндеттерін орындау, Институттың міндеттері мен академиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін, сонымен қатар өздерінің студенттерін оқытуға қолайлы академиялық талаптарды даярлау үшін өзіне ҚМЭБИ Жарғысымен жүктелген (өзгертілген және 2009 жылы ҚР Әділет Министрлігімен мақұлданған) қажетті билікке ие болады.

Мақсаты

ҚМЭБИ Ғылыми Кеңесі – оқу жоспарына, оқыту және басқа академиялық мәселелерге қатысты ережені белгілейтін шешімдер қабылдау органы. Кеңес университеттің жалпы оқу жоспарына қатысты міндеттерді, оқытушылар мен академиялық тәртіпке қатысты ережелерді бақылайды. Институттың Президентіне (не болмаса ол болмаған кезде Президенттің міндетін атқарушы тұлғаға) есеп береді.

ҚМЭБИ Ғылыми Кеңесінің өкілеттіктері

1.    Қолданылып жүрген академиялық бағдарламаларды (миссиясына, оқыту мақсатына, мазмұнына, бағалауға және оларды ұсыну тәсілдеріне сәйкестігін) тексеру;
2.    Академиялық мәселелер жөніндегі бөлімге қолданылып жүрген академиялық бағдарламалардағы өзгерістерді қабылдауға жіберу;
3.    Қамқоршылар Кеңесінің қарауына жаңа академиялық бағдарламаларды әзірлеу және ұсыну;
4.    Қолданылып жүрген академиялық бағдарламалардағы өзгерістерді мақұлдау;
5.   Оқу бітіретін үміткерлерді мақұлдау;
6.    Үздік дәрежені мақұлдау;
7.    Академиялық күнтізбені әзірлеу және мақұлдау;
8.    Профессор-оқытушылар құрамының Мінез-құлық Кодексін әзірлеу және мақұлдау;
9.    ҚМЭБИ Каталогын әзірлеу және мақұлдау;
10.  Оқуға түсу рәсімін әзірлеу және мақұлдау;
11.  Қаржылық көмек көрсету жөніндегі ережелерді әзірлеу және мақұлдау;
12.  Академиялық мәселелер жөніндегі бөлімге академиялық проблемаларды көрсету;
13.  Бюджет мәселесі бойынша ҚМЭБИ Атқару Комитетінің кеңес беруі.

ҚМЭБИ Ғылыми Кеңесінің құрамы

Кеңес оқытушылар мен академиялық басшылардан тұрады. Жалпы мүшелерінің  51%  кем емес санын академиялық бөлімдермен және факультеттермен сайланған оқытушылар құрайды.

Академиялық бөлім өкілдері әрбір бөлімнің профессор-оқытушылар құрамының жалпы жиналысында жабық дауыс берумен сайланады. Үміткерлер өзін ұсынуларына болады. Академиялық бөлімдерде кеңестің кем дегенде бір мүшесінде профессор мәртебесі болуы керек және кеңестің бір мүшесі профессор дәрежесі жоқ оқытушылардың арасынан сайланады.

Кеңесте жұмыс істеу құқығын алу үшін үміткерлер ҚМЭБИ-де бір жылдан кем емес жұмыс істеулері керек. Кеңесті құру кезінде оның мүшелерінің жартысы бір жылға, ал екінші жартысы екі жыл мерзімге сайланады. Кейін өкілеттік мерзімі екі жылды құрайтын болады. Егер Кеңестегі профессор-оқытушы құрамының өкілі өзінің өкілеттік мерзімі бітпей тұрып, Институттан кетіп жатқан жағдайда факультет аталмыш мерзім біткенге дейінгі жаңа өкілді сайлайды. Егер оқытушы шеніндегі өкіл өзінің өкілеттік мерзімі кезінде профессор мәртебесін алған жағдайда оның өкілі өзінің мерзімін аяқтауына болады.

Кеңестің дауыс беруші мүшелерін сайлау (8)

Келесі бөлім кеңесте 3 (үш) өкілмен ұсынылуы керек:

•    Бэнг атындағы Бизнес факультеті

Келесі бөлім кеңесте әрбір бөлім бойынша 2 (екі) өкілмен ұсынылуы керек:

•    Әлеуметтік ғылымдар факультеті
•    Тілдер Орталығы

Келесі бөлім кеңесте 1 (бір) өкілмен ұсынылуы керек:

•    Жалпы білім беру мектебі

Кеңес мүшелері жыл сайын сәуір айында сайланады. Сәуірдің басында әрбір академиялық бөлімнің директорына немесе деканға Ғылыми Кеңестегі бос орынға өтініш беру қажет. Сайлау әрбір факультетпен немесе академиялық бөліммен белгіленген ережелерге сәйкес оқытушылардың жалпы жиналысымен өткізіледі. Өкілеттіктер келесі күзгі семестрдегі сабақтың бірінші күнінен басталады. Үміткерлер өзінің өкілеттіктерінің басталуына міндетті талаптармен сәйкес келуі керек. Қызмет мерзімі бір немесе екі жыл өткеннен кейін алғашқы сабақ басталғанға бір күн қалғанда бітеді. Кеңес мүшелері қайта сайлануларына болады.

Дауыс беру құқығымен мүшелерді сайлау (4)

Келесі бөлімдердің бірінің өкілі бір жылға бөлім басшысы болып тағайындалады. Тағайындалған адам ҚМЭБИ-де  бір жылдан кем емес және аталған бөлімдердің бірінде жұмыс істеуі керек. Егер өкіл мерзімі бітпей тұрып жұмыс орнын ауыстыратын болса, демек, бөлімде енді жұмыс істемейтін жағдайда мерзімді аяқтау үшін жаңа өкіл тағайындалады.

Келесі бөлім кеңесте әрбір бөлімнен 1 (бір) өкілмен ұсынылуы керек:

•    Үздіксіз білім беру факультеті
•    Халықаралық бөлім
•    Қабылдауды басқару бойынша бөлім

Студенттік Үкімет Қауымдастығы бір жылға дауыс беру құқығымен студенттің бір өкілін тағайындауы қажет. Өкіл ҚМЭБИ-де 30 кем емес кредитке және жақсы академиялық үлгерімге ие болуы керек. Егер студент сабаққа тіркелмеген, не болмаса академиялық үлгерімі нашар болған жағдайда мерзімді жалғастыру үшін жаңа өкіл тағайындалады.
Мүшелер әрбір жылдың желтоқсан айында тағайындалуы керек. Өкілеттік мерзімі келесі көктемгі семестрдің алғашқы сабағы күні басталады. Үміткерлер өзінің өкілеттіктерінің басталуына міндетті талаптармен сәйкес келуі керек. Қызмет мерзімі бір жыл өткеннен кейін алғашқы сабақ басталғанға бір күн қалғанда бітеді. Кеңес мүшелері қосымша мерзімге қайта сайлануларына болады.

Дауыс беру құқығымен барлық мүшелер: 12

Дауыс беру құқығынсыз қызмет міндеті бойынша мүшелер:

Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-президент
Академиялық мәселелер жөніндегі Ассоциативті Вице-президент
ББФ Деканы
ӘҒФДеканы
ҮБФ Деканы
Жалпы білім беру мектебінің Деканы
Тілдер орталығының Директоры