Giving

Келешек көшбасшыларды қолдау

ҚМЭБИ күн сайын бизнес, құқық және әлеуметтік ғылымдар саласында білім беру және оны қалыптастыру арқылы Орталық Азиядағы өркендеу үрдісіне баға жеткісіз үлес қосып отыр. Біздің түлектеріміз үкіметтік және жеке меншік секторларды басқарса, ал біздің зерттеулерімізді бүкіл өңір бойынша саяси және экономикалық сала басшылары белсенді түрде пайдалануда.  Бізде студенттер үшін тұрақты түрде өскелең қаржылық көмек бюджеті бар, біз ізгі білім принциптерінің жолын ұстана отырып,  іскери қауымдастықпен  тығыз байланыстамыз.

 Жыл сайын біздің бағдарламаларымыз кеңейтіліп-жетілдірілуде, ал біз қоғамды өзгертетін білімді беру міндетімізді атқарып келе жатырмыз. Әлемнің ең үздік ЖОО-ы болуды мақсат етіп қойған ҚМЭБИ, жекеменшік, коммерциялық емес ЖОО бола отыра бизнеспен, академиялық мекемелермен, үкіметтік құрылымдармен және коммерциялық емес ұйымдармен отандық, сондай-ақ сыртқы  байланысты  жүргізеді. ҚМЭБИ сіздердің корпоративтік әлеуметтік ұмтылыстарыңызды дамыту мен жетілдіру мақсатында, білім беруді алға жылжыту арқылы Сіздің компанияңызбен бірігіп қызмет етуге дайын. Біріге отырып, біз бизнеске үздік тәжірибені енгізе аламыз, адамдардың өмір сүру деңгейін  жақсартып, әлеуметтік байланыстарды жақсарта аламыз.