Қос диплом беру бағдарламалары
КИМЭП Университеті қос диплом беретін әлемнің аса танымал ЖОО-ларымен біріккен бағдарламаларды дамытады, оның көмегімен студенттер екі ЖОО-да оқып, дипломдар ала алады. Бұл КИМЭП-тің әлем бойынша халықаралық танымал екендігінің дәлелі болып табылады.
Аталмыш бағдарламалар студенттің оқуының жартысын КИМЭП Университетінде өткізетіндігіне, ал жартысын серіктес-ЖОО-да өткізетіндігіне негізделеді, осылай бола тұра өткен пәндер екі университетте де есептелініп, қос диплом беріледі. Барлық сабақтар ағылшын тілінде өтеді, ал оқу ақысы сол уақытта қай жерде оқып жатса сол жерге төленеді. Әдетте, осы бағдарламаларға берілетін орындар санаулы болып келеді және оған тіркелу байқау негізінде өткізіледі.
Аталмыш бағдарламалар студенттерге әлемнің жетекші ЖОО-ларының бірінен халықаралық дипломды, Орталық Азияның жетекші ЖОО-ы – КИМЭП Университетінің дипломымен қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл университеттерді бітіріп шыққаннан кейін Қазақстанда болсын, одан тыс жерлерде жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен сапасын жоғарлатады.
Қазіргі уақытта КИМЭП-те қос диплом берудің төмендегі бағдарламалары әрекет етеді:
| Германияның жетекші ЖОО-ның бірі Берлиндегі Гумбольдт атындағы университетпен бірге:
Гумбольдт атындағы университеттен эконмика және менеджмент саласындағы Дәлдік ғылымдар магистрі (MSc) және КИМЭП Университетінен Экономика магистрі (MAE) дәрежесін алу қарастырылған. Оқудың бірінші жылы Алматыда өтеді, ал екіншісі – Берлинде, сондай-ақ Берлиндегі екінші оқу жылы КИМЭП Университетінің студенттері үшін – тегін (тек бірнеше жүз Евро көлеміндегі әкімшілік жарнаны төлеу ғана талап етіледі). |
|
| Ұлыбританияның жетекші ЖОО-ларының бірі Глазго Университетімен бірге.
Глазго Университетінен Ресейлік, Орталық Еуропалық және Шығыс Еуропалық зерттеулер бойынша магистр және КИМЭП Университетінен Халықаралық қатынастар магистр дәрежесін алу қарастырылған. Бірінші оқу жылы Глазгода өтеді, ал екінші жыл – Алматыда. Қазіргі таңда бұл бағдарлама Глазго Университетінің студенттеріне ғана ашық, алайда осы бағдарламаның сондай-ақ КИМЭП Университетінің студенттеріне де ашылуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Осы бағдарламаға қатысты Еуропалық Одақтан стипендиялар мен гранттар алу мүмкіндігі беріледі. |
|
| Лилльдің Католик университетінің және Францияның жетекші бизнес-мектебінің бір бөлігі болып табылатын, Лилль мен Парижде кампустары бар IESEG менеджмент мектебімен бірге. IESEG Менеджмент мектебінен Халықаралық бизнес магистрі дәрежесін және КИМЭП Университетінен Іскер әкімшілдік магистр (МВА) дәрежесін алу қарастырылған. Бірінші оқу жылы Алматыда өтеді, екінші жыл – Лиллде (жұмыс тәжірибесі 3 жылдан төмен студенттерге арналған) немесе Парижде (жұмыс тәжірибесі 3 жылдан асатын магистранттарға арналған) өтеді. Оқудың екінші жылында КИМЭП Университетінің студенттеріне 10% жеңілдік беріледі, сонымен қатар оқу ақысын 50 % ға жабуға болатын кішкене көлемдегі стипендия беріледі. | |
| Францияның жетекші бизнес-мектептерінің бірі Страсбург Университетінің бизнес-мектебімен бірге. Страсбург бизнес-мектебінен Еуропалық менеджмент бойынша бакалавр және КИМЭП Университетінен Іскер әкімшілдік пен бухгалтерлік есеп бакалавр дәрежесін алу қарастырылған. Оқу Алматыда үш жылға және бір жыл (3 немесе 4 оқу курсы) – Страсбургте өтеді. Бағдарлама студенттермен алмасу ұстанымы бойынша құрылған, бұл студенттің оқудың барлық төрт жылын (Страсбург бизнес-мектебінде емес) КИМЭП-те төлейтінін білдіреді. |
|
Оңтүстік Корея ЖОО-ның ең үздіктерінің бірі Йонсей Университетімен бірге. КИМЭП Университеті Халықаралық зерттеулер магистрлік мектебі Йонсей Университетімен қос диплом беретін бағдарламалары туралы 4 келісімге қол қойды:
|
КИМЭП Университеті қос диплом беру бағдарламаларымен төмендегі университеттермен келісімге отыру сатысында жүр:
- Ұлыбританияның үздік бизнес-мектептерінің бірі Сити Касс Лондон Университетінің бизнес-мектебімен. Касс Бизнес-мектебінен Қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы дәлдік ғылымдар магистрі және КИМЭП Университетінен Іскер әкімшілдік магистрі (МВА) дәрежесін алуды қарастырады. Оқу бірінші жыл боый және екінші жылдың күзгі семестріне дейін Алматыда өтеді және екінші жылдың көктемгі және жазғы семестрлері – Лондонда өтеді.
- Ұлыбританияның жетекші ЖОО-дарының бірі Данди Университетімен. Данди Университетінен және КИМЭП Университетінен – Халықаралық құқық магистірінің (LLM) екі дәрежесін алуды қарастырады.
КИМЭП Университетінің жоспарына студенттеріне қос дипломдарды алудың көптеген мүмкіндіктерін ұсыну кіреді, осы мақсатпен қазіргі таңда әлемнің 10 жетекші ЖОО-ларымен келіссөздер жүргізіліп отыр.
Толығырақ ақпарат алу үшін Халықаралық қатынастар бөлімімен exchange@kimep.kz электронды пошта арқылы хабарласыңыз немесе Достық ғимараты, 409 офиске келіңіз.








